«Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша және ІІМ министрінің бұйрығына сәйкес, Аленов Бауыржан Төлегенұлы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды», - делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында.
Бауыржан Аленов 1976 жылы 8 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді. Ол бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Іішкі істер министрлігінің жедел қызмет департаментінің бастығы болған.