Алматы облысының салық департаменті 2010 жылды қорытындылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 24 ақпан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының салық департаментінде 2010 жылдың қорытындысы айтылған өндірістік кеңес болып өтті.

Облыстық салық департаментінің бастығы Айгүл Жолдыбек былтырғы жылы салық органдары бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету үшін көп жұмыс атқарғанын жеткізді.

Былтырғы жылдың төрт тоқсанындағы нәтиже бойынша, Қаржы министрлігінің Алматы облыстық Салық комитеті рейтингте үшінші орынға ие болған. 2011 жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 112,3 пайызға орындалып, 142 миллиард теңге немесе болжамнан 15,5 миллиард теңге артық түскен.