Жедел-іздестіру шараларының барысында ағаш кесуге күдікті адамның кім екені анықталды. Ол Оңжас ауылының 56 жастағы тұрғыны болып шықты. Орман алқабынан кесілген 25 ағашты браконьер отынға бұтарлаған.
Заңсыз ағаш кесу фактісіне орай құқық қорғауцшылар ҚР ҚК 340-бабында көзделген сот алдындағы тергеу амалдарын жүргізуде.
Тұтастай алғанда, 2015 жылдың басынан бері өңір полицейлері ағаштарды заңсыз кесудің 350-ден астам фактісін анықтады.