Алматы облысының тұрғыны өзін ренжіткен адамды қолымен тұншықтырып өлтірді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Іле ауданындағы Боралдай кентінде орналасқан үйлердің бірінен 30 жастағы иесінің мүрдесі табылды.

Сот-медициналық зерттеу ер адамның өлімі тұншықтырудан болғанын анықтады.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел-іздеу шараларының барысында полицейлер адам өлтіруде күдікті азаматшаны ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Жас әйелдің мойындау түсініктеріне қарағанда, бұл қылмысты ол жәбірленушімен бірге алкогольдік ішімдіктер ішіп, араларында туындаған ұрыс кезінде жасаған. Ол мас ер адамды қолымен тұншықтырып өлтірген.

Қазіргі кезде күдікті әйел қамауға алынды. Адам өлтіру фактісімен тергеу амалдары басталды.