Басқармадан мәлімдегендей, бұл мүсін қалада биыл орнатылған 9-шы композиция екен.
Биіктігі 3 метр болатын декоративті композиция маңындағы үлкен гүлзарда «Универсиада - 2017» жазуы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бедерленген.
Сондай-ақ, Розыбакиев пен әл-Фараби көшелерінің қиылысында «Лилия» вертикалды гүл композициясын орнату жұмыстары аяқталды. Алып метал гүлдің биіктігі 8 метрге дейін жетті. Оған қарама-қарсы «Құйын» композициясы орналасқан.