«Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында Toyota Crown автокөлігі жолға шығып кеткен жылқымен соқтығысқан. Салдарынан көлік аударылған.
27 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, Ақсу ауданы Алматы-Өскемен тасжолының бойында орналасқан. Көлік апатының басым бөлігі Қызылағаш ауылының маңында болады. Түнде тура жолдың бойында тұрған жылқыларды республикалық трассада үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушілері көрмей қалып, апатқа ұшырайды. Осы жайттың алдын алу мақсатында Ақсу ауданының прокурорлары төрт түліктің мойнына түнде жанатын арнайы бау тағуды ұсынғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.