Қалалық ТЖДбаспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шаралар тау бөктеріндегі құрғақ шидің, далаөртінің алдын алу үшін жасалып отыр.
Күн сайынқарауылдауға Полиция мен ТЖД тарапынан 11 қызметкер, 3 техника жұмылдырылған.
Айта кетукерек, 11 тамызда Көктөбе бөктерінде құрғақ ши өртенген болатын. Оны сөндіруге бірнеше тікұшақ жұмылдырылды.
Оқиға болғанжерге көп ұзатпай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев келді.
Кейін арадабірнеше минут өткен соң сол аймаққа жақын жерде тағы бір өрт тұтанды. Бұл жолы тілсіз жау Диваев көшесінежақын болды.
Қызыл жалын1000 шаршы метр аумақты жарамсыз еткен. Сол жерден өрт сөндірушілер 1 адамның денесін тауып алды.
Бүгін Медеу менШымбұлаққа баратын жолда тағы да өрт шықты.