Бүгін Алматы облысында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер және балалар театрының ұжымы Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шәріпованы ақтық сапарға шығарып салып жатыр.
Қайғылы жағдай өзара дау-жанжалдан шығуы мүмкін. Алдымен ері әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салуы мүмкін дейді.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өнерлі жұптың артында 2 баласы қалған.
ҚР «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Шынтаев Мұхитдин Сламақынұлы қазақстандықтарға «Жедел жәрдем-2» сериалы арқылы таныс.