Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жол жабық - ККМ

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін жабық деп жарияланған Алматы облысындағы «Алматы - Өскемен» автожолының «Рубеж бекеті (Үшарал ауылы) - Шығыс Қазақстан облысының шекарасы» (558-615 шақырым) учаскесі мен

Шығыс Қазақстан облысындағы «Алматы - Өскемен» автожолының «Таскескен ауылы - Алматы облысының шекарасы» учаскесінде бүгін сағат 12.00-ден бастап көлік қозғалысы ашылды. Бұл туралы Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ал, кеше сағат 18.30-да (27 қаңтар) ауа-райының қолайсыздығынан (қатты боран, жолдың нашар көрінуі) Алматы облысындағы жабық деп жарияланған «Үшарал - Достық» автожолының «Көктума ауылы - Достық ауылы» (83-168 шақырым) учаскесі көлік қозғалысына әлі жабық. Бұл учаскеде қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.