15 қараша күні кешкі 19:30-да Алматыда жауын жауып, арты қарға ұласты. Таулы аймақтарда 35 см қалыңдықта қар жауса, қалада 10-13 см-ге жетті.
Абай көшесінен оңтүстікке қарай жолда құмды-хлоридті қосынды төселді. Таулы аймақтардан 280 текше метр көлемінде қар сыртқа шығарылды.
Түнгі қар тазалауға 292 тазалағыш, оның ішінде 92 құм сепкіш техника, 410 адам жұмылдырылды.