Бұл туралы қалалық Табиғат және табиғи ресурстарды пайдалану басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Жыл басынан бері 234 хаттама толтырылды. Салынған айыппұл көлемі 9 711 800 теңгені құрады. Ең лас аулалар Медеу ауданында тіркелген. Медеу ауданында 40, Алмалы ауданында 34 ПИК 3 млн 666 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Ал Алатау және Наурызбай аудандарында 6, 8 ПИК жазаланды», - делінген хабарламада. 21-27 тамыз аралығындағы тексеру барысында 15 ПИК иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, 713 520 теңге көлемінде айыппұл салынды.
17:21, 04 Қыркүйек 2015
Алматыда 180 ПИК-ке 10 млн теңгеге жуық көлемінде айыппұл салынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауладағы тазалыққа салғырт қараған пәтер иелері кооперативтеріне 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Әкімшілік жазаға 180 ПИК тартылды.