Алматыда 2-3 балдық жер асты дүмпуі сезілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 шілде күні алматы уақыты бойынша 02 сағат 03 минут 31 секундта «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке  қарай 65 шақырым жерде, Қырғыз елі аумағында болды. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.0, магнитудасы -5.1. Алматы қаласында 2-3 балдық  жер асты дүмпуі сезілді, делінген кезекші оператордың хабарламасында.