Оның артында 5 және 3 жастағы бүлдіршіндері қалған. Жақындары 28 жастағы келіншектің балаларын тастап, сонша ұзаққа кетуі мүмкін емес дейді.
«Қоғам қауіпсіздігі күзеті» еріктілер ұйымының басшысы Ислам Угушевтың айтуынша, Ольга Городецкая 4 қазанда жұмысқа кеткен.
Сол күні кешке 19:00-де байланысқа шыққан.
«Қазанның 5-інде Ольгадан қоңырау келген. Бірақ ұзаққа бармай үзіліп қалды. 4-5 аралығында телефонға қоңырау барып тұрды, кейін өшіп қалды», - деді жақындары.
Қазіргі таңда іздеу тобы вокзалдар мен әуежайлардың маңайын қарап жатыр.