Оны Қазақстан тұтынушылар лигасының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская бүгін баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Биыл 13-ші рет ұйымдастырылып отырған бұл шара «МЕТРО» сауда орталығы аумағында өтеді. Оны қалалық әкімдік пен «Нұр Отан» ХДП-ның қолдауымен Қазақстан тұтынушылар лигасы мен Кәсіпорындардың мінсіз бизнес қауымдастығы бірлесіп ұйымдастыруда. «Мінсіз» халықтық сапа белгісімен марапаттау рәсімін өткен жылы 70 мыңнан астам адам тамашалаған болатын», - дейді С. Романовская. Оның айтуынша, марапаттау рәсімі кезінде концерт ұйымдастырылып, кәсіпорындар өз өнімдерінің таныстырылымын жасайды. Тұтынушылар лигасы сауда орындарымен «Мінсіз» халықтық сауда белгісін иеленген тауарға басымдық беруге келіскен. Егер олар өз келісімдерін жыл бойы мүлтіксіз орындаса сауда орындары өзге елдерге өз ұйғарымдарын жасамақ.