«Бұл алма жеу идеясы - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорына тиесілі. Фестивальге әр ортаның балалары жиналды ғой. Сондықтан біз оларды қалайда біріктіргіміз келді. Оларды біріктіретін қандай да бір мейірімді шара ұйымдастырғымыз келді. Содан осы идея туындады. Оның үстіне алма - Алматының символы. Мұндай рекорд бұған дейін Қазақстанда жасалмаған», - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының PR менеджері Әлия Қадырова.
Рекорд жасалған соң, Қазақстанның рекордтар кітабының бас редакторы Қуаныш Тазабеков ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Сағындық Нұрахановқа тиісті сертификатты табыс етті.