Қайғылы оқиға туралы хабарлама түскі 16:43-те түскен. Жұмысшылар жер қазып жатқан кезде топырақ опырылып түскен.
Алматы қалалық Құтқару қызметінің қызметкерлері үйінді астынан 3 адамның денесін алып шықты.
Қаза болғандардың екеуі 33 жастағы Алматы қаласының және облысының тұрғындары болып шықты. Үшінші адамның кім екендігі анықталып жатыр.