Алматыда 5-ші «Kazakhstan Open 2009» халықаралық гольф турнирі өтеді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат  /Әділет Мұсахаев/ -   Қыркүйектің 16-сы мен  20-сы аралығында Алматыда  5-ші  Kazakhstan Open  2009 - European Challenge Tour гольф бойынша турнир өтеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Бұл турнирге 132 спортшы қатысады, олардың ішінде European Challenge Tour рейтингі бойынша кәсіптенген 100 ең үздік ойыншы бар.Оның 5-і  біздің елімізден.   «Kazakhstan Open 2009» сайысының жүлде қоры  400 мың еуро және  European Challenge Tour сайысындағы ең қомақты жүлде болып табылады. Турнир European Challenge Tour, ҚР Гольф Ұлттық Федерациясы, «Жайлау» Гольф-Курорты және Алматы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтеді.

«Жайлау» гольф курортында  халықаралық стандарттарға сай  18 шұңқыр бар және European Challenge Tour-дың ережелеріне толығымен сай келеді», дейді оның директоры Алексей Афанасьев.

  Маусымның қорытындысы бойынша алғашқы 20 орын алған ойыншылар Еуропалық турға жолдама алады. Қыркүйектің 16-да  Kazakhstan Open 2009  аясында алғашқы дәстүрлі Про-Ам турнирі өтеді, онда кәсіби ойыншылар мен әуесқойлар қатысады.  «Про-Ам турнирін өткізу гольф үшін өзгешелік болады. Басқа  спорттың ешқайсысында әуесқой спортшы ірі турнирде кәсіби ойыншымен алаңға шыға алмайды», дейді ұйымдастырушылар.

Алғашқы турнирге 24 ең күшті кәсіби ойыншы қатысады.  Олардың ішінде  бірнеше жыл бұрын биылғы қаржылық жағдайы 119 430 мың еуроға жеткен  Тайгер Вудзбен ойнайған Эдуардо Молинари (Edoardo Molinari),   Лейф Вестерберг (Leif Westerberg), былтырғы Kazakhstan Open чемпионы Марк Пилкингтон (Mark Pilkington) бар. Олардың әрқайсысына тағы 3 гольфистен қосылады да төрттік бір команда болып ойнайды.

Гольф спорты тақырыбына жазатын бір топ батыстың жетекші журналистері  келеді деп күтілуде.