Алматыда - 7 адам, оның ішінде 4 бала көмірқышқыл газына уланып қалды - ТЖМ

АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін, ақпанның 13-і күні таңертең Алматы қаласында - 7 адам, оның ішінде 4 бала көмірқышқыл газына уланып,

ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Пеш ақауының салдарынан орын алған оқиға, Медеу ауданындағы Алтын емел көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде болды. Иіс тиіп уланғандардың арасында 3 жастағы үш бала мен 1 жасар нәресте бар.