«Қалада шағын және орта бизнестің дамуы тұрақты. Шаһарда 74,6 мың белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды. Олар алғашқы жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тауар өндіру мен қызмет көрсетуді 3 пайызға ұлғайтты", - дейді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдулов.
Оның айтуынша, әлеуметтік саладағы көрсеткіштер қатарында орташа айлық жалақының 7 пайызға өсіп, 119643 теңгені құрауын ерекше атап өтуге болады. Ал жан басына шаққандағы кіріс 12,6 пайызға артып, 85 942 теңгеге дейін ұлғайған. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3-тен 0,5 пайызға дейінгі тармаққа кеміп отыр.
15:02, 26 Шілде 2011
Алматыда 74,6 мың белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды
АЛМАТЫ. 26 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жарты жылда 863 миллиард теңгенің тауары мен қызметін өндірді. Бұл бүгін қалалық әкімдікте өткен 1-ші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған алқалы жиын кезінде мәлім болды.