Мегаполис басшысы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында әлеуметтік мәселелердің ойдағыдай шешіліп жатқандығын айтты. Республика экономикасы динамикалы түрде дамуда, осының арқасында мемлекет әлеуметтік проблемаларды шешуде, тұрмысы төмен отбасыларды қолдау жөніндегі Бағдарлама ойдағыдай жүзеге асуда.
«2013 жылдың басынан бері қарай біз кезекте тұрғандарға 250 пәтер бердік. Бүгін пәтер алу үшін 170 отбасының құжаты дайын. Оның ішінде 20 пәтер ата-ана қарауынсыз қалған балаларға бөлінеді», - деді Ахметжан Есімов.
Қала басшысы жастарға әлеуметтік пакеттермен қоса тұрғын үйлер де беріледі деді.
«Біз үстіміздегі жылдың шілде айында ата-ана қарауынсыз қалған балаларға 30 пәтер бердік. Мен тұрғын үймен қамтамасыз етілген жастар республикамыздың гүлденуіне өз үлестерін қосады деген сенімдемін», - деді шаһар басшысы.
Жалпы, 2013 жылы мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған 420 отбасы жаңа қонысқа көшті.