деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фестиваль «Тіл туралы" заңның қабылданғанына 20 жыл толуына байланысты Алматы қаласының әкімінің қолдауымен өткізілді. Салтанатты кешке аудандық әкімшіліктер мен маслихат депутаттары, Қазақстан халықтар ассамлеясының мүшелері және оқу орындарының басқарушылары мен қоғам қайраткерлері келді.
Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, шара "Тіл туралы" заңның талаптарының орындалу деңгейі мен қазіргі мемлекеттік тілді жүргізу саясатының дұрыстығын қамтамасыз ету және былтырғы жылы өткізілген "Көркемсөз оқу шеберлері", "Мемлекеттік тіл - менің тілім" байқаулары мен "Тіл дарын - 2009» олимпиядасының жеңімпаздарын марапаттау мақсатында өткізілген.
Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов қатысып, құттықтады. "Қадірменді, халайық, сіздерді Қазақстан тілдері күнімен құттықтаймын. Биылғы тіл мерекесінің орны жылдағыдан бөлектеу. Өйткені алғашқы "Тіл туралы" заңның қабылданғанына 20 жыл толып отыр. Сонау қиын-қыстау кезеңде «Тіл туралы» заңның қабылдануы біздің халықтың зор жетістігі болатын. Сөз жоқ, бұл еліміз үшін үлкен маңызы бар тарихи құжат. Осы заңның арқасында қазақ тіліне тұңғыш рет мемлекеттік мәртебе берілді. Екі рет "Тіл туралы" заң қабылданды, үш рет "Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" әзірленіп, жүзеге асырылуда. Бір сөзбен айтқанда, 20 жылдың ішінде Елбасымыздың басшылығымен Қазақстанда біртұтас мемлекеттік тіл саясатының толық стратегиясы қалыптасты. Жалпы, мемлекеттік тілді жүргізудегі нәтижелі істерге мысал көп. Елбасымыздың айтқанындай, Қазақстан халықтарының басын біріктіретін күш - қазақ тілі. Сондықтан да ардақты ағайын, еліміз ынтымақты, тіліміз өркенді болсын",-деді қала басшысы.
Салтанатты кештің соңы өнер жұлдыздарының концертіне ұласты.