«Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холддингі» акционерлік қоғамы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы шілденің 3-індегі «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» қаулысымен құрылды. Оның мақсаты - Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мемлекеттік медиаактивтерді тиімді басқару.
«Арна Медиа» компаниялар тобына «Қазақстандық телекоммуникациялар» (КАТЕЛКО), «Қазтелерадио», «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» РТРК, «Егемен Қазақстан» және «Казахстансая правда» республикалық газеттері, «ҚазАқпарат» ҰК акционерлік қоғамдары, «Жас өркен», «Қазақ газеттері» ЖШС кіреді.
Холдингі басқармасының төрағасы - Ерлан Байжанов.