Таныстырылым бағдарламасында - PR-сюжеттерінің және ақпараттық блогтардағы мақалалардың ұтыстары, қазақстандық жұлдыздардың концерті бар.
«Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі компаниясы тобына «Қазақстан телекоммуникациясы» АҚ (КАТЕЛКО), «Қазтелерадио», «Хабар» агенттігі», «Қазақстан» РТРК, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттері, «ҚазАқпарат» ҰК, «Жас өркен», «Қазақ газеттері» ЖШС енеді.
«ҚазАқпарат» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Дәурен Дияров компанияның жаңартылған сайтын таныстырды. Сайт бүгінгі күні көпқызметті порталды білдіреді.
ҚазАқпарат өзінің тұрақты оқырмандары мен әріптестеріне ақпараттарды барынша тиімді беруге арналған және одан әрі елімізде де және елімізден тыс жерлерде де тарату мақсатында Қазақстан үшін біршама жаңа және бірегей технологияларды ұсынады. Атап айтқанда, әңгіме ақпараттық графика, фоторепортаж, фотосайт сияқты аудиториялармен жұмыс істеу нысаны туралы болып отыр. «Аймақ» айдары мүлдем жаңа қызметті - «облыстардың карталарын» ұсынады. Шын мәнінде бұл әр облыстың жеке-жеке сайты. Яғни, белгілі бір аймаққа арналған барлық жаңалықтарды агенттік жеке-жеке орналастырады. Бүгінгі күні ҚазАқпараттың шығаратын жаңа өнімдерінің бірі республикалық басылымдарға шолу. Шолуда республика БАҚ тілшілері даярлаған ең маңызды материалдар көрініс табады.
ҚазАқпараттың тағы бір сайты іске қосылды. Әңгіме араб қарпін (төте жазу) пайдаланатын қазақ тіліндегі жаңа сайт туралы болып отыр. Бұл сайт Қытай аумағында тұрып жатқан қазақтарға бағытталған. Мақсат - Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістіктегі бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында мемлекеттік медиаактивтерді тиімді басқару.
Холдингтің миссиясы - күшті отандық медиялық компаниялармен мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыру.
Холдинг басқармасының төрағасы - Ерлан Байжанов.