Спорт мерекесінің шымылдығы қытайлық Тайцзицюань жауынгерлік жекпе-жек өнерін паш етумен ашылды. Сондай-ақ, фестиваль аясында «Астана» футбол клубының Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өту құрметіне орай жастар футболдық флешмоб ұйымдастырды. Бұл күні фестиваль аумағы отбасылық эстафеталар, зумба, капоэйра, йога, айкидо, ушу, армрестлинг, таэквондо, қазақша күрес, бадминтон, кроссфит және спортттық билер бойынша тақырыптық алаңқайларға бөлінді. Шеберлер келушілерге өз өнерлерін паш етіп, оның қыр-сырын үйретуге тырысты. Айта кеткен жөн, «Кендама» деп аталатын жапондық көне ойын алматылықтардың қызығушылығын тудырды. Фестиваль барысында ашық аспан астында фитнес-орталық жұмыс істеді. Ал кроссфит бойынша жарыс өтті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлақтар табыс етілді.
21:00, 05 Қыркүйек 2015
Алматыда «Астана» футбол клубының құрметіне флешмоб ұйымдастырылды (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Халықаралық спорт күніне орай, «Өмір қуаты» фестивалі өтті.