деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласының «2011 жылғы қысқы Азия ойындары дирекциясына» сілтеме жасап.
Қазақстан өз тарихында алғаш рет қысқы Азия ойындарын өткізу мүмкіндігін алды. Енді бір жылдан кейін Азия мемлекеттері 7-ші қысқы Азия ойындарында бас қосады. Осыған орай спорт, туризм және дене шынықтыру, жастар саясаты ісі жөніндегі басқармалар бірнеше спорттық іс-шаралар Медеу мен Тұран университетінде өткізілмек. «Азия ойындарына - 1 жыл қалды!» ұранымен студенттердің университетішілік қысқы спартакиадасы, волейбол, футболдан жарыстар мен тағы басқа шаралар жүргізіледі.
Сондай-ақ, жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қаламыздың барлық аудандарында қысқы спорт түрлерін насихаттау іс-шаралары өтеді. Мысалы, Әуезов ауданында 4 мұз айдыны, Жетісу ауданында 1 мұз айдыны көпшілік үшін «Азияда тынысы» жұмыс жасайтын болады. Бұл айдындардың ерекшелігі, олардың барлығы Азияда-2011 стилистикасында безендірілген. Бұл мұз айдындары тек, қаңтардың 30-ы күні сағат 10-нан 18-ге дейін жұмыс істейтін болады.