Алмалы әкімдігінің қолдауымен "Қарлығаш" қоғамдық қозғалысының ұйымдастыруымен өтіп жатқан акцияның мақсаты - кәмелет жасқа толмағандар арасында темекі сатудың алдын алу.
Аталмыш қозғалыстың еріктілері халықтың арасында және әсіресе жеке сауда өкілдеріне 18 жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сатуға болмайтындығы жайында ақпараттар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалар мен жасөспірімдер арасында темекі шегушілікті болдырмау, алдын алу мәселелерінде темекіні оңай сатып алу, қолжетімділік - басты мәселе болып отыр. Сондықтан еріктілер сатушылармен көп жұмыс істеуде, ақпараттық және инспекторлармен тексеру рейдтерін өткізуде.
Акция барысында қозғалыстың белсенді мүшелері жобаның қызметі жайында айтып, өз қатарларына қосылғысы келетіндерді қабылдап, қала тұрғындары мен қонақтар арасында сауалнама жүргізуде. Сонымен қатар алмалар таратуда.