Іс материалдарына сәйкес, «Иегова куәгерлерінің Христиан общинасы» діни бірлестігінің жетекшісі 10-13 жастағы 4 жасөспірімді олардың бірінің ата-анасының қарсылығына қарамастан құлшылыққа тартқан. Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындамады.
Алматы ауданаралық әкімшілік істер бойынша мамандандырылған сотының судьясы құқық бұзушыны ҚР ӘқК 490-бабының 7-тармағы бойынша айыпты деп тауып, 50 АЕК мөлшерінде (106 050 теңге) айыппұл төлеуге мәжбүрледі.