деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бәйге ұтысына 2 джип автокөлігі мен тағы бір шетелдік маркадағы көлік және ақшалай сый тігілген.
Сонымен әр облыстың сәйгүліктері қатысқан дүбірлі «Алман» бәйгеде бас жүлдені Орал облысынан келген Серік Бекқайыровтың Көгершін атты тұлпары жеңіп алды. С. Бекқайыров ат баптау ісімен 17 жылдан бері айналысып келе жатқандығын және баптаған аттары үнемі осындай бәйгелерден топ жарып, үздік шығатындығын айтады. Ал екінші орынды Алатау ауданының, үшінші жүлдені Қызыл әскер ауылының сәйгүлігі жеңіп алды.
Ал құнан жарысында көмбеге Қожабердиев Бауыржанның Балтика деген аты бірінші келді.