Конференцияны ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ҚазМҮББУ), «Медицина кадрларын үздіксіз кәсіптік дамыту» ҚБ ұйымдастырып отыр.
Конференция бағдарламасы бойынша, қатысушылар медициналық-санитариялық алғашқы көмек, қан айналымы жүйесі аурулары, ана мен баланы қорғау тақырыптарын ортаға салады. Жиын аясында шеберлік сыныптары мен корей-шығыс медицинасы бойынша форум өткізіледі. Конференция жұмысына Ұлыбритания, Финляндия, Корея, АҚШ, Түркия, Ресей, Белоруссия және басқа да елдердің жетекші мамандары қатысады.