Мерекелік шара барысында университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов құттықтау сөз сөйлеп, бірінші курс студенттеріне студенттік билет пен сынақ кітапшасының және «Білім кілтінің» символикалық нышанын тапсырады. Аталған іс-шара ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылып отыр. Шарада жоғары оқу орнының телестудиясында дайындалған егемен еліміздің кешегісі мен бүгінін баяндайтын, ҚазҰАУ тарихынан сыр шертетін көркемсуретті және шағын деректі фильмдер көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалып, рухты серпілтетін жырлар оқылмақ. Оған университет жанынан құрылған «Гүлбану» ән-би ансамблі, Халық аспаптар оркестрі, «Эстрада» үйірмесі және әскери кафедраның талантты студент жастары мен ұстаздар қауымы ұлттық нақыштағы әсем ән-күй мен әсерлі билерді әзірлеп отыр.
13:50, 09 Желтоқсан 2013
Алматыда «Біз - Тәуелсіз елдің ертеңі» атты студенттер қатарына қабылдау салтанаты өтеді
АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласындағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Біз - Тәуелсіз елдің ертеңі» атты студенттер қатарына қабылдау салтанатын өткізеді.