Аталмыш шара талантты, дарынды жастарды, белсенділік көрсеткен студенттік қозғалыстар мен жастар комитетінің істерін қолдау мақсатында өткізілуде. Жеңімпаздарға жеті аталым: «Ең үздік студенттік ұйым», «Ең үздік студенттік жоба», «Ең үздік жыл спортшысы», «Ең үздік студенттік декан», «Оқу озаты» аталымдары бойынша сыйлықтар табысталатын болады.
«Бұл шара тұңғыш рет өткізілуде, болашақта дәстүрлі және жыл сайын өткізілетін шараға айналдыруды жоспарлап отырмыз. Бүгін шара аясында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің түлектері түсірген студенттік фильм көрсетілетін болады», деді Жастар әкімшілігінің төрағасы Мұрагер Сауранбаев.