деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2011 жылы Алматы қаласы мен еліміздің астанасы Астана қаласы Қысқы Азия ойындарының кезекті қонақтарын, сондай-ақ көптеген туристер легін қарсы алады.
Қазіргі уақытта қалаларда аталмыш ойынды өткізуге байланысты орасан дайындық жұмыстары жүргізіліп, спорттық кешендер мен қонақүйлер салынып жатыр және де идеологиялық жұмыстарға да көп мән берілуде. Осыған орай «Азиада-2011» VII Қысқы Азия ойындарын насихаттау аясында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры бүгінгі сайысты ұйымдастырып отыр.