деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы қаласының денсаулық саласының бюджеті 2007 жылы 18 миллиард, 2008 жылы 24 миллиард, 2009 жылы 25 миллиард теңге болды. Бұл жан басына шаққанда, тиісінше 17; 23,5 және 25,5 теңгені құрайды. Денсаулық сақтау мекемелерінде дәрігермен қамтамасыз ету деңгейі соңғы 3 жылда 10 мың адамға шаққанда, тиісінше 16,17, 19 маманнан болды. Сондай-ақ мың адамға туу көрсеткіші, тиісінше 22, 25 және 26 сәбиді құрады», дейді Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Олжас Бағжанов. Оның айтуынша, қалада 2007 жылы 22 763, 2008 жылы 35 975, ал 2009 жылы 34 606 бала дүниеге келді.