Алматыда экономика саласы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

АЛМАТЫ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/- Бүгін Алматыдағы Халықаралық бизнес университетінде «Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауындағы дағдарыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық реформалар» атты 'дөңгелек үстел' өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алқалы жиынға Алматы қаласы әкімшілік өкілдері, ҚР БҒМ экономика институытының ғалымдары, профессорлар мен оқытушылар құрамы қатысты.

Шара барысында Елбасы Жолдауы талқыланып, Қазақстан экономикасы дамуындағы өзекті мәселелер қаралды.

ҚР БҒМ Экономика институтының қызметкері, экономика ғылымдарының кандидаты Жасым Османовтың айтуынша, жақында болған Президенттің жолдауында экономиканы тиімді дамыту үшін әсіресе инновациялық бағытқа көп мән берілген.

«Қазақстан 2020 жылы бизнесі тұрақты әрі жақсы дамыған 50 елдің қатарына кіруі керек. Қазіргі уақытта аймақтардағы бизнесті дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Шағын және орта бизнесті қолдау, жол картасы бағдарламалары біздің кәсіпорындардың деңгейін көтерері сөзсіз», дейді Ж.Османов.