Оған аудан әкімдері мен қалалық атқару органдарының, әлеуметтік-экономикалық және білім-ғылым саласындағы мекемелердің, жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.
Активте қала әкімі Ахметжан Есімов өз орынбасарларына Елбасы Жолдауындағы 7 бағыт бойынша шаралар жоспарын жасауды тапсырды. Аудан әкімдері мен қалалық құрылымдардың басшыларына тұрғындары арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізуді жүктеді. Сондай-ақ Ішкі саясат басқармасына 1 аптаның ішінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша кешенді шаралар жоспарын жасауға тапсырма берді. Бұл жұмыстарға жетекшілік жасауды өз орынбасары Серік Сейдумановқа жүктеді