Көрмеге кітапхана қорындағы еліміздің бас қаласы -Астана жайында сыр шертетін кітаптар қойылған.
Сонымен қатар, аталмыш шара аясында оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Салтанатты кешке елімізге танымал ақын-жазушылар, белгілі тарихшылар, саясаткерлер, сондай-ақ кітапхана оқырмандары қатысты.
Конференцияда «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың 20 жылдығы», «Астана - тәуелсіздіктің тұғырлы белесі», «Астана - Елбасының ерен ерлігі» деген тақырыпта баяндамалар жасалып, «Астана - ел тәуелсіздігінің салтанаты» деп аталатын бейне фильм көрсетілді. Сонымен қатар, «Астана десе жүректер жыр төгеді» деген тақырыпта концерттік бағдарлама ұсынылып, жас ақындар Астанаға арнаған өз өлеңдерін оқыды.