Оның қорытындылары желтоқсанның 22-сінде - осы сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде шығарылады.
Байқауға «Тұтынушы» және энергетика», «Алматы аймағын электрмен қамту», «Қазақстанда энергия тұтыну және энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру», «Энергетиканы дамыту келешегі», «Кәсібім - энергетик» тақырыптарына түсіндіру, сараптама, ақпараттық жарияланымдар, жаңалықтар немесе сараптамалық телесюжеттер қабылданады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталады. Бұл марапаттардан басқа алғашқы үш орынға қосымша бес жүлде тағайындалды.
Ұйымдастырушы - «АлматыЭнергияЖабдықтау» ЖШС.