«АлЭС» АҚ алдағы жылыту маусымына дайындық барысында энергетикалық жабдықтарды жоспарлы жөндеуден өткізуге, қазандықтарды жеткілікті отын қорымен қамтамасыз етуге техникалық шаралар жүргізіп жатыр.
Атап айтқанда, «KEGOK» АҚ операторы белгілеген ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3, Батыс Жылу кешені, Қапшағай ГЭС-і, Каскада ГЭС-і нысандарында 69 жабдық, 20 энергетикалық қазандық, 13 турбоагрегат, 19 су жылытатын қазандық, 17 гидроагрегат жөндеуден өтеді.
«Энергетикалық жабдықты жөндеуден өткізуге 4 млрд теңге жұмсалады. Қазіргі таңда қажетті жабдықтар мен бөлшектерді сатып алуға, қызмет алуға келісімшарттар жасалып қойған. Сондай-ақ, 59 жабдық, яғни барлық қордың 86 пайызы жөнделді. Ал қалған 6 жабдық қазір жөндеуге жабылды. Бұл барлық құралдардың 9 пайызын құрайды», - деді «АлЭС» бас инженері, басқарма төрағасының орынбасары Ғазий Исмухамбетов.