Алматыда ерлер арасында волейболдан ҚР кубогы үшін алғашқы кезең сайыстары аяқталды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Кеше кешкісін ерлер арасында волейболдан ҚР кубогы үшін алғашқы кезең сайыстары аяқталды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР волейболдан ұлттық федерациясына сілтеме жасап.

 ¼ кезең бойынша Алматының «ЦСКА Алматы», Өскеменнің «Шығыс», Павлодардың «Ертіс» командалары финалға жолдама алды. Финал қазанның10-19-ы аралығында Алматыда өтеді.