Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.
Өрт туралы хабарлама 15:48-де түскен. Қазір өрт сөндірушілер бригадасы Бостандық ауданы әл-Фараби даңғылы, 77/8 мекенжайы бойынша аттанды. Алдынала хабарлама бойынша, ғимараттың сыртқы қаптамасы өртке оранған.
Оқиға орнынан 600 адам, оның ішінде 180 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт 16:30-да сөндірілді.