Концерт бағдарламасында Й.Гайднның, Ф.Мендельсонның, Б.Бартоктің, А.Жаймовтың шығармалары бар.
Бүгінгі таңда аталмыш квартет Қазақстанның атақты камералық оркестрлерінің бірі саналады. Оркестр жоғары орындаушылық шеберлігімен, рухани эстетикалық және дыбыс тазалығымен танымал. Оркестрдің репертуарында әлемдік классикалық, батыс-еуропалық шығармалар мен қазақ және орыс композиторларының туындылары бар.