Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабына бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу тобы шабуылға үш ер адамның қатысы барын анықтады.
«Олар ЖШС қызметкерлерінің жүру маршрутын анықтап, күзет шаралары қамтылмаған ұрымтал сәтті күткен. Қазір Алматы облысының 36 жасар және 31 жасар тұрғыны ұсталды. 36 жастағы Е есімді тұрғын осыған ұқсас қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке бұрын да тартылған. Үшінші адамның кім екендігі тексеріліп жатыр», - деді қалалық ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.
Қазір күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.