«Алтын диірмен» Корпорациясы» АҚ Қазақстан бойынша ірі құрама жем өндірушілердің үштігіне кіреді. Комбинат жылына 120 мың тонна өнім шығаруға шақталған. Енді, 2016 жылы кәсіпорын 2 млрд. теңгеге, ал 2017 жылы - 4 млрд. теңгеге өнім шығаруды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.
Аталған кешеннің жұмысы бүкіл Алматы облысының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, «Алтын диірмен» Корпорациясы» АҚ өнім шығарудағы үлес салмағы Қазақстанның құрама жем өндірісінің жалпы көлемінің 17,5%-ын құрайды.
Кешеннің алаңы 3,4 гектарды құрайды. Кәсіпорында 60 жұмыс орны бар. Ондағы орнатылған швейцариялық фирманың «Buller» деп аталатын жабдығы бүгінгі күні алдыңғы қатарлы және жоғары технологиялық жабдық болып табылады. Барлық өндірістік үдерістер автоматтандырылған.
Сондай-ақ, Корпорация құрамына ұн тарту комбинаты, нан зауыты, кондитерлік цех, етті қайта өңдеу кешені және макарон фабрикасының кіретіндігін атап өткен жөн.
Алматы қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасының шеңберінде қала басшылығы қайта өңдеу өнеркәсібі саласында бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар құру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп отыр. Ал бұл, Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бірге, қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған жұмыс барысында «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша «Алтын диірмен» Корпорациясы» АҚ-на көмек көрсетіліп жатыр. Бұл жоба Алматы қаласының Индустрияландыру картасына енгізілді және өңдеу өнеркәсібі саласындағы басым жобалардың бірі болып табылады.