Жол апаты бүгін таңертең сағат 10 шамасында Байтұрсынов пен Қарасай көшесінің қиылысында орны алды. Оқыс оқиға салдарынан 4 адам жапа шекті.
Қазір аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 1-тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда.
«Аталған іс бойынша арнайы сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайы кешенді тергеуден кейін анықталады», - деді С.Әзірбек.