Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі сәтте студенттің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Қазіргі сәтте күдікті ұсталып, Алматы қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына жабылды. Бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.
Айта кетелік, күдікті де осы жоғары оқу орнының студенті болып шықты.