деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара барысында қала әкімі Ахметжан Есімов қала тұрғындары мен қонақтарды қала күнімен құттықтап, Алматы қаласының өсіп-өркендеуінің республикалық деңгейдегі маңыздылығын атап өтті.
«Бұл күн тек біз үшін ғана мереке емес, біздің республикамыз үшін де үлкен мереке. Алматы - ерекше қала, рухани мәдениетімен шуақ шашатын, әдемі табиғатымен, сұлу, бай тарихымен, теңдессіз дүниелерімен шежірелі шаһар. Сондықтан да бәріңізді біздің қала одан әрі әдемі болуына ат салысуға шақырамын», деді қала әкімі.
Қала күні аясында әкім әлеуметтік-экономикалық және қаланың мәдени дамуы бағдарламасына, қала кешендерінің сәулетіне белсенді үлес қосып, қатысқан, адал еңбек етіп, жақсы жұмыс істегендерді құрмет грамоталарымен марапаттады.
Сонымен қатар, кеште Астана қаласының мәслихат төрағасы Владимир Редкокашин барлық алматылықтарды мерекемен құттықтап, Ахметжан Есімовке Астана қаласының құрметті азаматы атағы берілгенін жария етті.
Үлкен мегаполисте осы айтулы мерекеге қатысты тағы да бірқатар үлкен мерекелік шаралар өтті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғашықтар бұрқағы ашылып, жаңа тұрғын үй кешендері мен ірі сауда орталықтары ашылды.
Қалада «Күй кеші», «Алматы - жастар қаласы», «Алматым жүрегімде», «Алматы - менің алғашқы махаббатым», «Ана тілім - ардағым» атты фестивальдер мен «Қазақстан аруы-2009» ұлттық конкурсы, «Алматы - менің сүйікті қалам» фотобайқауы, Алматы туралы балалардың сурет салу конкурсы, «Мейірімді адамдар қаласы» атты кітап көрмесі, Алматы туралы жаңа кітаптардың таныстырылымы, мәдениет орындарының ашық есіктері, «Антиграффити» жастар акциясы, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ретрофильмдерінің көрсетілімі және басқа да көптеген мерекелік шаралар өтті.
Мереке күні алматылықтар, қала қонақтары театрландырылған және балалардың шығармашылық қойылымдарын, «Алматы, мен сені сүйемін» атты байкерлер мен велошабандоздар жарыстарын тамашалады.