«Ағымдағы жылы 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аяқталады. Оның аясында 40 мың шаршы метрлік 613 пәтер пайдалануға беріледі. Елбасының биылғы Жолдауында берген тапсырмасы бойынша Үкімет бұл мәселені қарауда. Соның негізінде Алматыға белгілі бір көлемде қаржы бөлінбек. Біз тұрғындардың баспанаға деген сұранысын қамтамасыз ету үшін оны жүзеге асыруға дайынбыз», - деді Ахметжан Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, облигациялық қаржы бойынша өткен жылы басталған қалалық қолжетімді баспана бағдарламасымен 2011 жылы 462 пәтер салынған еді. Биыл 800 пәтер жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы арендалық және коммуналдық баспана құрылысы бағдарламалары бойынша 574 пәтер және тұрғын үй құрылыс жинағы арқылы 1450 пәтер пайдалануға берілмек.
12:53, 08 Ақпан 2012
Алматыда қалалық қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша биыл 800 пәтер пайдалануға беріледі
АЛМАТЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы «Қолжетімді баспана-2020» республикалық бағдарламасына белсенді қатысуға дайын. Қала әкімі бүгін тұрғындармен есептік кездесуінде осылай мәлім етті.