Егеменді еліміздің 20 жылдығына арналған спорттық мереке Алматы қаласының "Қазақ күресі" Ұлттық федерациясының ұйымдастыруымен және ҚР Спорт министрлігінің, "Нұр Отан" ХДП мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілмек.
Халықаралық дәрежедегі турнирге республикамыздың әр облысынан және шет мемлекеттерден балуандар келмек.
Сондай-ақ, аталмыш турнир аясында елу жастан асқан балуандар арасында "Түйе балуанды" анықтау сайысы өтеді.
Бас жүлдеге автокөлік тігілді. Барлық қатысушылар медальдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.