Алматыда қазақша күрестен жарыс өтті

АЛМАТЫ. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда өткен демалыс күні Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің спорт кешенінде Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО-ның спорт шебері Амангелді Смағұловты еске алу құрметіне студенттер арасында қазақша күрестен жарыс өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарысқа 13 командада 150 студент өз күштерін сынады.

Бәсеке нәтижесінде бірінші орынды «Медеу» спорт клубының спортшысы Жангелді Хамитов, екінші орынды Руслан Абдулахат алса, үшінші орынды Долкун Әшімов еншіледі.

Командалық есеп бойынша бірінші орынды Қазақ спорт және туризм академиясының командасы алды. Одан кейінгі орындарда Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің командасы мен «Медеу» спорт клубы. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табысталды.