«Бүгін таңертең мен Орталық мәдениет және дамалыс паркін муниципиалдық меншікке көшіру туралы қаулыға қол қойдым. Енді біз сәулетшілермен бұл тарихи орынды қалай түзеу керектігін бірге ақылдасуымыз керек», - деді А. Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, соңғы 5 жылда Алматыда 5 157 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 37 421 пәтер салынды. Сондай-ақ 21 балабақша, 20 мектеп, 18 денсаулық сақтау нысандары іске қосылды.
Жалпы бұл фестиваль кезінде ТМД елдері сәулетшілер одағы халықаралық қауымдастығының байқауы өтпек. Онда посткеңестік кеңістіктегі сәулет туындыларының арасынан жылдың үздік жобасы анықталмақ. Онда сондай-ақ Қазақстанның соңғы 3 жылдағы сәулет туындарының республикалық сынауы мен Қазақстан сәулет мектептерінің дипломдық жұмыстарының байқауы да өтпек.